Сапарымбет Айжан Шатайқызы
Сапарымбет Айжан Шатайқызы 1976 жылы М.Әуезов атындағы орта мектепке 1-сыныпқа қабылданып, 1986 жылы аталған мектепті аяқтап, орта білім алды. 1999 жылы Шымкент Әлеуметтік-Педагогикалық Университетіне «Бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығына оқуға түсіп, аталған университетті «Педагогика және бастауыш оқытушысы» біліктілігі бойынша дипломмен тәмамдады. Еңбек жолын 2001 жылы «Раушан» балалар бақшасында тәрбиеші болып бастады. Сол жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды. 2013 жылы конкурстық комиссия шешімімен С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебіне директор қызметіне тағайындалды. 2016 жылы «Абай атындағы жалпы орта мектебінің» директоры қызметін атқарды. 2021 жылы Орталық Азия Инновациялық Университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша аяқтап, «Педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды. 2024 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне директор болып ратотция бойынша тағайындалды. Қазіргі таңда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылының тұрғыны. Отбасылы, төрт перзенттің анасы. |